Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік, № 16-7-2.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Комитет қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау; Комитетпен дайындалатын құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу; Комитеттің талап-арыз жұмыстарын барлық сот сатыларында жүргізу; соттың істі қарауына әкелген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің қатысуымен болған сот тәжірибесі дауларына талдау жүргізу; құрылымдық бөлімшелер жазбаша ескерткен жағдайда, шарттық міндеттемелерді орындамаған өнім берушілерге тиісті шаралар қолдану; заңды күшіне енген сот актілерін орындау мақсатында шараларды қолдануды заңнамалық қамтамасыз ету; Комитетпен бекітілген шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге қатысу, шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда әрекет ету шараларын қолдану;Басқарма құзыретіне қатысты басқарма басшысының, басшылықтың тапсырмаларын, директивалық құжаттарды орындау; тұрақты негізде Комитетте нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізуді үйлестіру және құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде реттелетін сала бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Комитеттің аумақтық инспекцияларына, ведомстволық бағынысты ұйымдарына заңнамалық көмек көрсету, құқықтық сұрақтар бойынша Комитет қызметкерлеріне кеңес беру; Басқарманың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша басқарма басшысына ұсыныстар енгізу; мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарастыруға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.02.2021
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
555-885