Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігінің сарапшысы, C-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлардың диагностикасы бойынша ветеринарлық шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуы үшін бақылау жүргізеді.
Аумақтық инспекциялардың және комитетке бағынысты ведомстволық ұйымдардың қызметін жақсарту жөнінде шаралар жоспарының орындалуын бақылайды.
«Жануарлар ауруларының диагностикасы» 100 қосалқы бағдарламасы «Мал шаруашылығының дамуына және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сату үшін жағдайлар жасау» 249 бюджеттік бағдарламасы бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Жануарлардың аса қауіпті аурулардың диагностикасы бойынша ветеринариялық іс- шаралар жоспарын әзірлейді, келіседі және бекітеді.
Өз құзыреті шеңберінде ветеринария саласында қызмет жүргізетін жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметіне бақылау жүргізеді.
Басқарама құзыры шеңберінде ветеринариялық есеп пен есептілікті жинақтауды талдауды және ұсынуды жүзеге асырады
Тиісті әкімшілік аумақтық бірлік аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісімдейді.
Ведомстволық мұрағатқа тапсыру мақсатында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Министрлік сайтының ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету.
Құжаттарды уақытылы және сапалы түрде орындау, соның ішінде басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттар және Комитет басшыларымен берілген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.02.2021
- "zoom" қосымшасы арқылы онлайн өткізіледі
-
8 (7172) 555 945