Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бакылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық сертификат береді; Нұр-Сұлтан қаласы аумағында заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды табыс етеді; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтайды; тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды; әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерін деректер базасына уақытылы енгізу жұмыстарын жүргізеді; әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша қаулылардың уақытылы орындалуға жолдауын қамтамасыз етеді; ветеринариялық бақылау бекеттерінде; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша; тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында; орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; жоғары тұрған органдардан түскен тапсырмаларды уақытында орындалуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамалары шеңберіндегі басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6А үй
-
8 (7172) 56-17-67, 8 708 175 70 28