Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, С-О-1 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-1 (Басшы)

Орташа лауазымдық айлықақы

182456 - 246519

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу

Функционалды міндеттер

Инспекцияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді; реттелетін салада стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге бағдарламалар мен жобаларды іске асырады; ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттің саясатын, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикасын жүргізу бойынша бағдарламаны, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың (импорт, экспорт және транзит кезінде) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тағам өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы  заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуіне ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторингті ұйымдарда; ветеринария саласы бойынша қолданылатын жануарлар ауруларының қоздырғыш штаммдарының тасымалдануына (жеткізуіне), сақталуына, қолданылуына және жойылуына ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайға бақылауды және қадағалауды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; шекара және кеден пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізуге бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; Инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; Инспекция басшысының орынбасарынан басқа облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады; Инспекция басшысының орынбасарынан басқа облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары басшыларын көтермелейді және тәртіптік жазаға тартады; бұйрықтарға қол қояды; құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялар туралы ережелерді бекітеді; заңнамада белгіленген тәртіппен іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді; өз құзыреті шегінде Инспекциядағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауап береді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.01.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.01.2021 – 29.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz