Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшылары (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 08.01.2021 ж. бастап 16.10.2023 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Аумақтық органдардың бюджет қаражатын мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асыру; Министрлік аумақтық органдар бойынша  және қаржылық жылға арналған бухгалтерлік есепті жүргізу; қазынашылықтың аумақтық органдары арқылы жүргізілетін операциялардың есебін жүргізу; тауарларды (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) жеткізу актілерін актінің тиісінше рәсімделуі мәніне тексеру; қаржыландыру жоспарларының орындалуы және бюджет қаражатын мақсатты пайдалану бойынша Министрлік ведомстволарының аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл жасау; дебиторлық және кредиторлық берешекті болдырмау  мақсатында республикалық бюджеттің төлемдері мен міндеттемелері қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу; Министрліктің аумақтық органдарына қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асыру, Министрлік аумақтық органдарын ұстаудың әкімшілік-шаруашылық шығыстары мәселелерін үйлестіру; шаруашылық операцияларын жүзеге асыру; Министрліктің аумақтық инспекцияларына, ведомстволық бағынысты ұйымдарына әдістемелік басшылық жасау; еңбекақыны аударуды, іссапар шығындарын есепке алуды, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына аударымдар жіберуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне, салық органдарына, статистика мекемелеріне есептілікті ұсыну; карталық шоттар бойынша банкпен жұмыс.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.01.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.01.2021 – 03.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz