Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сыртқы бақылау мен қадағалау басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Білім: биология
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Карантиндік объектілердің ошақтарын зерделеу, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау, пестицидтерді сатып алуға, оларды сақтау және тасымалдау бойынша қызметіне, химиялық өндеу бойынша қызметіне конкурс жүргізуге материалдарды дайындау, сондай-ақ пестицидтерді жеткізу, пестицидтерді сақтау және тасымалдау, химиялық өңдеуді жүргізу жөніндегі шарттардың уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, өсімдіктер карантині жөніндегі ақпаратты жинау және талдау;карантинге жатқызылған өнімді импорттау, экспорттау, транзиттеу және мемлекетішілік орнын ауыстыру жөніндегі іс-шараларды бақылау. Өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу және өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жүргізу; санитариялық және фитосанитариялық шараларды (СФШ) қолдану жөніндегі халықаралық стандарттарды, ДСҰ нормалары мен келісімдерін ескере отырып, мемлекеттік жүйені дамыту; өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеден, шекара, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету, Өсімдіктер карантині саласындағы аумақтық облыстық инспекция жұмыстарын басшылық ету, өсімдіктер карантині мәселелері бойынша мәжілістерге қатысу. Хаттардың уақытылы және сапалы орындалуын, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылаудағы хаттар, сондай-ақ Комитет басшысының жазбаша және ауызша тапсырмаларын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.01.2021
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
555-885