"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас маман- өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы (C-R-4 санаты, 1 бірлік, № 10-5, уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 04.02.2023ж. дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Білім: биология
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Қосымша талаптар

жұмыс өтілі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы» (агроном, өсімдікті қорғау агрономы) мамандықтары бойынша  немесе ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша  білім

Функционалды міндеттер

- карантиндік объектілердің ошақтарын оқшаулау, жою және олардың таралуының алдын-алу бойынша мемлекеттік шаралар жүйесін жоспарлайды және ұйымдастыру;

- қызметі карантиндік өнімдерді дайындаумен, өндірумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен жеке және заңды тұлғалардың карантиндік ережелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;

- өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындауға нұсқама шығарады және оның орындалысын бақылау;

- өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және фитосанитариялық, карантиндік сертификаттарды рәсімдеу;

- өсімдіктердің карантині жөніндегі ережеге және нұсқаулыққа сәйкес карантиндік бақылауды, тексеру мен сараптауды және карантинге жатқызылған өнімдерді, сондай-ақ, көлік құралдарын залалсыздандыруды бақылауды жүргізу;

- өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту;

- өсімдіктер карантині саласындағы іс-қағаздарды жүргізу;

- жұмыстың біліктілік талаптары мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерді оқып, үйрену.            

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.12.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.12.2020 – 30.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.01.2021

Сұхбаттасу орны

город Караганда улица Алиханова 11А

Анықтама алу үшін байланыс

8(7212) 423034, факс: 41-21-79