Жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Геодезия және картография
- Құрылыс
- Топырақтану және агрохимия
- Жерге орналастыру
- Кадастр
- Бағалау
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне басшылық ету; жұмысты лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік пен Комитет туралы, Басқарма туралы ережеге, Министрлік регламентіне сәйкес ұйымдастыру, жер қатынастарын дамыту саласындағы саясатты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу; жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз ету; нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды, жерге орналастыру жөніндегі әдістемелерді әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жер заңнамасы нормаларын түсіндіру; халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға бекітілген тәртіпте қатысу; жер заңнамасын қолдану практикасын жалпылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жер қатынастары мәселелері бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және оған әдістемелік басшылық ету. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін құзіреті шегінде ұсынады; халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға бекітілген тәртіпте қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі шараларды қабылдау. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттің жер саясатының іске асу барысы туралы түсіндіру; Жоғары тұрған басшылықтан алынған өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ. Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс
-
74-23-49