ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Функционалды міндеттер
Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда инспекция қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен инспекцияның мүдделерiн бiлдiру; Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен инспекцияда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiру; инспекция әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды инспекцияның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу; жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру; заңнамалық актілерде көзделген жағдайда инспекцияның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша инспекция атынан түсiнiктеме дайындау; шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз ету; тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау инспекцияның қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда инспекцияның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету; әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша істерін деректер базасына уақытылы енгізілуіне қадағалау жүргізу; әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша қаулылардың уақытылы орындалуын қадағалау; Қазақстан Республикасы заңнамалары шеңберінде басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- 20.03.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6 А
-
87172 997650, факс: 87172 320505,