ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру; кадрлық мәселелер және құқықтық қамтамасыз ету бойынша бөлімнің қызметін ұйымдастыру; «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу; "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесіне деректерді уақытылы және дұрыс еңгізуіне бақылау жүргізу; аттестациялық, тәртіптік, конкурстық және басқа да комиссиялардың және басқа да комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру; жеке құрам және негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтарды әзірлеу; инспекциядағы құжат айналымын қамтамасыз етілуіне қадағалау жүргізу; кадрлар жағдайына мониторинг бойынша есептердің уақытылы және сапалы тапсырылуын қадағалау; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың орнына конкурстар өткізуді қамтамасыз ету; инспекцияда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастырылуына қадағалау жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастырылуына қадағалау жүргізу; мемлекеттік қызметкерлерді оқыту бойынша жоспарын әзірлеу; құқықтық қамтамасыз ету бойынша және инспекцияның мүддесін қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстарға қадағалау жүргізу; инспекция мамандарының еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдану; Қазақстан Республикасының заңнамалары шеңберіндегі басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

Жарияланған күні: 14.03.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    20.03.2020

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6 А

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(7172) 997650, факс: 8(7172) 26-66-40