Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Лицензиялау және пестицидтерді тіркеу басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің жүктілік және босану жөніндегі демалыс кезеңіне 13.10.2020 ж. бастап 15.02.2021 ж. дейін), санаты С-5, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру», «Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақ мөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру», «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыру;  ҚР аумағына кіргізілетін пестицидтердің электрондық реестрін жүргізу, пестицидтердің импортын келісу; пестицидтердің өндірістік және тіркеу сынақтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау; пестицидтерді қолдану регламентінің токсикологиялық бағалау жөніндегі зерттеулерді жүргізу, пестицидтердің өндірістік және тіркеу сынақтарын жүргізудің жоспарын құру және бекіту, өндірістік және тіркеу сынақтарын жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру, агротехникалық шараларды өз уақытында өткізу бойынша ақпарат жинауды іске асыру,  ведомостволық есептерді құрастыру, соның ішінде пестицидтердің қозғалысы бойынша, ОАИ жылдық есептерін қарау; Басқарманың құзыретіне жататын құжаттардың, соның ішінде бақылаудағы хаттарды, мемлекеттік органдардан келген хаттар мен жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, басқарма басшылығының тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.10.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.10.2020 – 30.10.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.11.2020

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

555-885