Аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаменті Аграрлық азық-түлік нарықтары басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Дүниежүзілік нарықтарға азық-түлік нарықтарды жылжыту жөніндегі ұсыныстарды дайындау, азық-түлік және ауыл шаруашылық нарықтарын құруға бағытталған ұйымдастыру әдістерін қолдауға қатысу; негізгі тауарлық топтар бойынша аграрлық азық-түлік нарығы жай-күйінің, әлемдік нарықтардың және ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің негізгі түрлерінің жай-күйін қоса алғанда, және олардың ішкі азық-түлік нарығындағы бағаларға ықпалының мониторингін және талдау жүргізеді; азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізеді; тұрақтандыру фондын құрастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Департамент, Басқарма басшысының құзыретіне кіретін басқа да тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.10.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.10.2020 – 19.10.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі,36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870