Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігінің басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2022 жылғы 30 маусымға дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Комитет басшылығы тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды ұйымдастырады, Басқарма құзырына жататын құжаттарды, материалдарды әзірлеуде қатысады.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес ветеринария саласындағы қызмет атқаратын мемлекеттік органның және бағынысты мекемелерінің қызметтеріне бақылау атқарады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жануарлар ауруларын нозологиялық бөлек бірліктеріне эпизоотиялық жағдайға байланысты болжау негіздемесіне жоспарын келісуді іске асырады.
Ветеринарлық-алдын алу және диагностикалық, референттік мониторингтік және тағам қауіпсіздін қамтамассыз ету зерттеулер шаралары бойынша жоспарлау.
Заңнамамен анықталған тәртіпте (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті шешімі жобасын дайындау және келісімдеу, осыған қатысты Комитеттің комиссия құру және басқада керекті құжаттарды дайындау) ветеринариялық препараттарды республикалық меншіктен ЖАО коммуналдық меншікке беру рәсімін жүргізілуін бақылайды.
Басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауларын, жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.10.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі 36
-
8 (7172) 555 945, факс: 8 (7172) 555 945