Заң қызметі департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Құқықтық мәселелер жөнінде мемлекеттік органдарда Министрліктің мүддесін білдіру; шарттардың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуді құқықтық қамтамасыз ету; басшылықтың тапсырмасы бойынша соттарда белгіленген тәртіпте Министрліктің мүддесін білдіру; Министрліктің қызметінде туындаған құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындау; мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның жұмысына қатысу; шаруашылық қатынастарды реттейтін шарттарға, келісім-шарттар жобаларына және қуынымдық өтініштерге бұрыштама қою; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап жобаларын дайындау; Министрлік басшылығының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау; құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен хат алмасу; Министрліктің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Министрліктің атынан түсіндірмелер беру; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,
e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz