Аграрлық азық-түлік нарықтары, органикалық өнім және техникалық реттеу департаменті Органикалық өнім және техникалық реттеу басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Экология
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысына жалпы басшылық ету және ұйымдастыру; Техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер жобаларын, стандарттар мен техникалық регламенттер жобаларын әзірлеуді және келісуді қамтамасыз ету; техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру саласындағы шетелдік ұйымдармен және елдермен ынтымақтастық; Техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы және Еуразиялық экономикалық одақтың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, Еуразиялық экономикалық одақтың және техникалық реттеу саласындағы халықаралық ұйымдардың шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі отырыстар мен кеңестерге қатысу; мемлекеттік және басқа да мүдделі органдарда нормативтік актілердің жобаларын келісуді үйлестіруді, Техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік актілерді қабылдаудың тиімділігіне мониторингті және талдауды жүзеге асыру; Техникалық реттеу және органикалық өнім өндіру заңнамасын жетілдіру бойынша стратегиялық бағдарламаларға ұсыныстар дайындау, нәтижелер жетістіктерін талдау; жетекшілік ететін сала бойынша жиынтық есептерді, талдауларды, баяндамаларды және басқа да презентациялық материалдарды дайындауға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.09.2020 – 03.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz