Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті Ұйымдастыру іс-шаралары басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 23.08.2020 ж. бастап 24.05.2023 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Биотехнология
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттарды және материалдарды сапалы және уақтылы орындау; ЕЭО, ТМД, ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру; Дүниежүзілік сауда ұйымына, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуға байланысты материалдарды дайындау бойынша жұмысты үйлестіру; Министрлік басшылығының шетел елдерге шығуын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру (іссапарға шығу туралы бұйрықтарды дайындау, қызметтік және дипломатиялық төлқұжаттарды және шығу құжаттарды рәсімдеу, Министрлік басшылығы үшін қонақ үйде тұруға, тәуліктік және көлік шығындарға шетелдік валютада қаржыны алу және оның пайдалану туралы есепті ҚР Сыртқы істер министрлігіне беру); Министрлік басшылығының дипломатиялық корпустың өкілдерімен, ресми шетелдік делегацияларымен хаттамалық іс-шараларды және кездесулерді дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру; Департамент және Министрлігінің басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.09.2020 – 03.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар:  8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz