Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін), УФИБУ-3

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы
  • Қаржы және кредит

Функционалды міндеттер

Басқармалардың тапсырған құжаттары бойынша төлемдерді рәсімдеуді және өткізуді белгіленген талапқа сай қамтамасыз етеді, өнім жеткізіп берушілермен есеп айрысу есебін жүргізеді және авизо, қаржы қозғалысы бойынша мемориалдық ордерлер және «Журнал-бас кітап» жасайды, Комитеттің міндеттемелер және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгертуге ұсыныстар енгізу, шығыстардың айлық көлемдері өзгерген, бюджетті нақтылау мен түзеткен, бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың жылдық және айлық көлемдері өзгермеген жағдайда міндеттемелер және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінімдердің есептері мен негіздемелерін қарау, аумақтық бөлімшелер бойынша негізгі құралдар мен тауарлы-материалдық құндылықтарды есептен шығару бойынша комиссия қарауына материалдар дайындайды, Комитет орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне еңбекақы, өтемақы төлемдерін, қосымша ақшалай төлемдер, салықтар, аударымдар, жарналар есептеуді жүргізеді, салық органдары мен статистика басқармасына белгіленген талапқа сай тоқсан сайынғы есептер ұсынады, барлық жүргізілетін шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуы мен бақылауын қамтамасыз етеді, 1С Бухгалтерия бойынша ақша қаражаты қозғалысының есебін жүргізеді, Комитеттің бағдарламалары бойынша бөлінген бюджет қаражатын игеруді бақылау, Комитеттің бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының игерілуі жөніндегі апта сайынғы және ай сайынғы, тоқсандық мониторингін ұсынуды қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) іске асуы мониторингінің нәтижесі бойынша талдау жүргізу, ағымдағы қаржы жылы бойынша бюджеттік бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелері туралы ақпарат ұсыну, төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларының күтіліп отырған игерілуі бойынша ақпарат ұсыну, бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік есеп жүргізу жұмыстарын үйлестіру, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржылық есептілік дайындау, Комитет бойынша жиынтық бухгалтерлік есеп жинау және тапсыру, Е-минфин бағдарламасы бойынша бухгалтерлік есепті орналастыруды қамтамасыз ету, шоғырландырылған қаржылық есептілікті (бухгалтерлік баланс) жинақтау және тапсыру, тиісті қаржы жылы үшін бюджетті атқару мәселелрі бойынша алқа мәжілісіне материалдар дайындау, Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің негізгі құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарын есептен шығару жөніндегі ұсыныстарды қарау, мемлекеттік аудиттың нұсқамалары бойынша бұзушылықтарды жоюдың қабылданған шаралары туралы ақпарат дайындау, бюджеттік өтінімдердің Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға, даму жоспарына немесе даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобаларына және Бюджеттік бағдарлама жобаларына сәйкестігін қарайды және жинақтайды, жиынтық бюджеттік өтінім қалыптастырып Министрлікке қарастыруға енгізуге және кейіннен ҚР ҰЭМ мен ҚР ҚМ енгізу үшін бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарлама жобаларын дайындайды (бюджет қалыптастыру, нақтылау және түзету), «Бюджеттік жоспарлаудың интеграциялық жүйесі» (ИСБП) ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді және жинақтауды қамтамасыз ету, Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органда бюджеттік өтінімді қорғауға қатысу, Комитеттің жиынтық міндеттемелер және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарлары мен міндеттемелер және төлемдер жөніндегі жеке қаржыландыру жоспарларын қалыптастыруға қатысу, аумақтық бөлімшелердің бекітілген штаттық кестелерін келісуге дайындау, Министрліктің тиісті үшжылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларын (жобаларын) жоспарлау мәселесі бойынша алқа мәжілісіне материалдар дайындау, жиынтық бухгалтерлік есеп жинау және тапсыру, бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет есебін жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру, ҚР Қаржы министрлігіне қаржылық есептілік дайындау, бірінші және екінші болып қол қою үлгілерін дайындау (басшылық пен бас бухгалтерге), электронды-сандық қолтаңба дайындау, кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойынша ай сайынғы есепті жинау және талдау, Комитеттің депозиттік шотындағы қаражат қозғалысының есебін жүргізеді, бюджеттен артық (қате) төленген салықтық емес түсімдерді қайтару мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қаржылық есептілік мәселелері бойынша анықтамалар мен басқа да материалдар әзірлеу, хаттарды қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау, ведомствоға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың штаттық кестелерін келісімге дайындау, ведомствоға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың бекітуге және түзетуге ұсынған даму жоспарларын қарау, даму жоспарларының орындалуы бойынша есеп қарау, хаттарды қарайды және олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды; ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттардың талаптарын орындайды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сенілген мемлекеттік мүлікті мұқият пайдалануды, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бұйрықтарды, өкімдерді, тапсырмаларды, жоспарларды және басшылықтың бір реттілік тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, Комитет және Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау (Блок Б, грейд 5).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.12.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.12.2024 – 27.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

30.12.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-10-15