ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік), № ОАИФО-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау

Функционалды міндеттер

В функционалдық блогы.

Инспекцияның алқа мәжілісіне қаралатын мәселелер бойынша материалдардың дайындалуын және бюджеттік, мемлекеттік сатып алу заңнамаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Қаржылық жоспарларды және дебиторлық, кредиторлық қарызы бойынша есеп беру құжаттарын құрастырады. Мекемеге қарасты кәсіпорындардың штаттық кестесінің келісуіне қатысады. Инспекцияның бюджеттік өтінішін құрады және айлық, тоқсандық есептердің уақытылы жасақталуын қадағалап, қорытындылайды. Тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде міндеттемелерді қабылдауды және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістер есебімен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен сәйкес қаражаттардың жұмсалуын дұрыс, тиімді және орынды пайдалануды, сондай-ақ ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасайды. Мекеме жұмысшылары мен қызметшілеріне іс-сапар шығындарын есептеу және мерзімінде төлеуді қамтамасыз етеді, бас кітап толтырады. Ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеуді қамтамасыз етеді. Бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық іздеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуді қамтамасыз етеді. Бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты әрі толықтай игерілуін қадағалап, тексереді. Активтердің сақталуын және олардың пайдаланылу жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Активтердің бухгалтерлік есебі, есептік тіркемелерде активтер түсімінің, олардың инспекция ішінде ауыстырылуының және шығарылуының дұрыс рәсімделуін және уақытында көрсетілуін, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, заттар тобының) сақталуын, дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді, активтердің тозуын есептейді (№9, №10, №17 мемориалдық ордер), ЭССО бағдарламасы бойынша жылдық есеп тапсырады. Бастапқы құжаттар арқылы мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу Нұсқауына сәйкес № 2 қаржы қозғалысы туралы мемориалдық ордерді толтырады.

Жылдық, жартыжылдық, тоқсандық есептерін Е-Минифин бағдарламасы арқылы жүргізу. «Бухгалтерия 1С», «Клиент-Қазынашылық» бағдарламасында жұмыс жаасайды және электронды қол қояды. Үш жылдық бюджеттік өтнімді қалыптастырады және ИСБП бағдарламасына жүктейді. Жоғары тұрған орган комитет тапсырмаларын орындайды. ГЭ, ТЭБ, айлық, тоқсандық, және жылдық есептемені дайындайды және құзырлы органдарға тапсырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.12.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.12.2024 – 24.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

26.12.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945