Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Сәулет және құрылыс
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Химия
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Геодезия және картография
  • Аграрлық техника және технология
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Орындауға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын және қызметтік хаттарды қарау. Жер телімдерінің иелері мен пайдаланушылардың жер заңнамаларын сақтауына, олардың нысаналы мақсатына сәйкестігіне, жер телімдерін өз бетінше иеленуге жол бермеуге, уақытша берілген жер телімдерінің уақытында қайтарылуына, жер заңнамаларын бұзуды жоюға бақылау жасап, тексеру жүргізу. Шаруашылық субъектілерін тексеру кезінде оларды Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасына тіркеу. Жер заңнамаларын бұзушылықты жою шараларын қабылдау, өз бетімен иеленген жер телімдерін мәжбүрлі түрде босату жөнінде шаралар қабылдау үшін сот органдарына материалдар дайындау, сондай-ақ сот отырыстарына қатысу. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына тексеру жұмыстарын жүргізу. Жер телімдерінің меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiн қамтамасыз етеді. Жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына бақылау жасау. Жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуын туғызатын басқа да процестердің салдарын болғызбау мен жою жөніндегі іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындау. Өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар ҚР жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұру шараларын жүзеге асыру.  Бүлінген жерлерді қалпына келтірілу жұмыстарын жүргізу. Жер кадастры мен геодезиялық бақылауды жүргізеді. Бөлім жұмысында заңнаманың сақталуын және оның құқықтық құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, сот инстанцияларына талап арыз дайындайды. Соттарда, апелляциялық және кассациялық сатыларда, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда департаменттің мүдделерін қорғау, азаматтық істерге қатысу; Ақпараттық-талдау жұмыстарының және мониторинг нысандары мен әдістерін білу. Департаменттің мүддесін жер заңнамалары мәселелерін қарау кезінде сотта, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда қорғау.  ҚР пдп және ҚНжЕ бас жоспарына сәйкес ұсынылатын учаскелерді объективті қарау және нысаналы мақсатын өзгерту үшін тексеру іс шараларын жүргізу. Жерді қорғау бөлігінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға тексеру жүргізу, жерді рекультивациялауды,топыраққа топырақ пен химиялық әсерді зерделеу және жердің химиялық және топырақ құрамдарын рекультивациялау мен қалпына келтірудің орындалуын бақылау, ауыл шаруашылығы жерлерін одан әрі жарамдылығы  үшін қалпына келтіру аймақтарға бөлуге және жер санатына сәйкес пайдалану.Жердің химиялық құрамын зерделей отырып, жер санатының ауысуын бақылау. Тексеріс кезінде  Кодексте немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады.  Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Word,   Excel,   E-mail,   Internet,   «Электрондық Үкімет»    бағдарламаларымен    компьютерде    жұмыс    істей    білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу. Функционалдық блогы «А»

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.11.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.11.2024 – 02.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

040800 Алматы облысы, Қонаев қ, Қойшыманов көшесі, 4 А

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-97-26