Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Персоналмен жұмыс басқармасының бас сарапшыcы, C-4 санаты, 1 бірлік, № 18-5-10

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

263131

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

(Блок В-5) Комитеттің кадр саясатын және кадр стратегиясын әзірлеуге қатысу; кадрлық құрамды қалыптастыру және Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыру; басқарма құзыреті шегінде кадрлық іс жүргізуді "Е-Қызмет" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу; Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық, нақты санының мониторингі; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Комитеттің, аумақтық инспекциялардың құрылымы мен штат санын әзірлеу және бекітуге енгізу; ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымы мен штат санын әзірлеу және бекітуге енгізу; мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған адамдарды бейімдеу және қызметшілерді қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға кәсіби даярлау үшін тәлімгерлік жұмыс жүргізу; мемлекеттік қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның үлгілік біліктілік талаптары негізінде Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; біліктілік сипаттамалары негізінде ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; кадр саясаты мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың НҚА жобаларын қарау; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға "Персоналды басқару" бойынша операциялық бағалау жүргізу үшін есептік ақпаратты, сондай-ақ "Е-Қызмет" арқылы мемлекеттік қызметшілердің мониторингі бойынша, кадрлардың ауысуы, Кадрлық тұрақтылық бойынша тоқсан сайынғы есептік деректерді ұсыну;  Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындау, жұмыстан босату туралы бұйрықтар дайындау; қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесі (ҚББЖ) арқылы жұмысты ұйымдастыру және жұмыс уақыты мен еңбек тәртібі нормаларының сақталуын бақылау; Басқарманың құзыреті шегінде; Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының жеке істерін қалыптастыру; әскери міндеттілердің әскери есебін жүргізу; ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету. "Персоналды басқару" бағыты бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау жағдайына талдау және мониторинг жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.11.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.11.2024 – 28.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885; 87081049272;