Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Зайсан балық инспекциясы бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5 (1 бірлік) ОЗРИ-6
Балық шаруашылығы комитеті
Шығыс Қазақстан облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Балық шаруашылығы
- Биология
- География
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Экология
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Функционалды міндеттер
Балық шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүргізеді. Балық шаруашылығын дамыту бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу және ұсыныстар енгізу. Жеке және заңды тұлғалардың балық аулау ережелерін және заңнама талаптарын сақтауына; пайдаланушылардың балық шаруашылықтарын жүргізу Ережелерін орындауына; жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргізу жөніндегі шарт талаптарын орындауына; жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына; балықтардың қырылу қауіпі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде бақылау аулау жүргізу кезінде жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды және жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына; жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті ұстау тәртібінің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Белгіленген тәртіпте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамаларды, орман заңнамасы талаптарын бұзушылық туралы материалдарды жасау, ресімдеу, тапсырмаларға, сұрау салуларға, хаттарға жауаптарды дайындау. Айыппұл сомаларының, тәркіленген мүлікті сатудан түскен талапарыз сомаларының түсуіне талдау жүргізу. «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-ге белгіленген нысандағы есептіліктерді жасау. Су тарту құрылыстарына, олардың тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықталуына қатысты бақылау жүргізуді жүзеге асыру. Тапсырмаларға, сұрау салуларға, хаттарға, азаматтардың (жеке және заңды тұлғалардың) өтініштеріне жауаптар дайындау. Табиғат қорғау заңнамаларын түсіндіру бойынша тұрғындар арасында жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты сақтау. Кадрларды есепке алу жөніндегі маманға бөлімнің бағынышты қызметкерлеріні дербес мәліметтерінің өзгерістерін хабарлап отыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау. Инспекция басшылығының қолданыстағы заңнамамен көзделген тапсырмасы бойынша өзге де міндеттерді орындау.(Блок А, грейд 6)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
brimzhanova.sh@minagri.gov.kz
- 29.11.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).
-
8(7172) 74-10-15