Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5 (1 бірлік). «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

Қосымша талаптар

Экономика саласындағы құқықтық реттеу

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік қызметкерлердің жеке істерін рәсімдейді; жеке құрам, демалыс беру жөніндегі бұйрықтарды әзірлейді; мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз етеді; конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; инспекцияда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастырады; мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызметкерлерді оқыту бойынша жоспарын әзірлейді; өкілетті органға ұсыну үшін бос лауазымдар тізбесін, аттестаттауға жататын мемлекеттік қызметшілердің тізімін және                     басқа да қажет ақпаратты дайындайды және жолдайды; әскери міндетті және әскерге шақырылатын  қызметкерлер бойынша есеп берулерді Нұр-Сұлтан қаласының Алматы және Сарыарқа аудандарының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына ұсыну үшін дайындайды; мұрағатқа тапсырылатын құжаттардың рәсімделуін және қалыптасуын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы заңнамалары шеңберінде басшылықтың басқа тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.08.2020 – 19.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.08.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6А

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 98-86-21

8707 789-54-33