Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (есепші), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-14.4-2.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Павлодар облысы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Агроөнеркәсіптік кешендегі Қазақстан Республикасының заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттер: (блок В-4) Бухгалтерлік есеп және қаржыландыру мәселелері бойынша қызметті жүзеге асырады; банк құжаттарының жүйеленуін жүзеге асырады; облыстың ҚР АШМ АӨК МИК орталық аппарат пен аудандық және қалалық аумақтық инспекциялар бойынша балансты құрастыру; шығындалған бюджеттік қаражаттарға, улы химикаттар мен пестицидтердің қозғалысына есеп және бақылау жүргізеді; дебиторлар мен кредиторлармен есептердің есебін жүзеге асыру; ҚР АШМ АӨК МИК облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың қызметкерлерінің жалақысын есептеу және аудару; қаржыландыру жоспарын орындау процессінде туындайтын есептердің уақытылы жүргізілуіне бақылау жасайды; сенім хат пен есептердің есепке алынуын ұйымдастырады; түгендеудің нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтауды, есепте көрсетілуін жүзеге асырады; статистикалық есептерді, есептерді әзірлеу және ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне және басқа да мемлекеттік органдарға тапсыру; бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау. Бөлімнің іс – қағаздарын жүргізеді; ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінде келісім шарттарды тіркеуге өтінімдерді құрастырады. Іс- қағаздар номенклатурасын, бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлейді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Бөлім басшылығымен анықталған басқа да құзыреттерді заңнамаға сәйкес жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kaiyrbayeva.u@minagri.gov.kz
- 06.11.2024
- Павлодар қаласы, Едіге би көшесі, 71
-
87172555-885