ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының Әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы , (1 бірлік), № ОАФО-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген толықтаулар мен өзгерістер туралы инспекция қызметкерлеріне уақтылы мәлімет және кеңестер беру; мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың құқықтары жөнінде кеңес беру; жеке тұлғалардың жүгіністерін (1- ОЛ), әкімшілік-құқық бұзушылық жөніндегі есепті (АБД) уақытында дайындап, тиісті органдарға тапсыру; инспекцияның мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында құқықтық оқуларын өткізуді ұйымдастыру; Тоқсан сайын бұқаралық-ақпарат құралдары бетінде инспекцияның мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мақалаларын жариялауды ұйымдастыру; еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау; инспекция құжаттарында мемлекеттік тілдің қолданылуын қадағалау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады; инспекцияның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарларын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру; «Е-өтініш» бағдарламасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ өкілеттіктері шегінде басқа да органдар мен ұйымдарда инспекцияның мүдделерін білдіру; құқықтық актілердің, шешімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу; веб-порталға мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын уақытылы енгізеді және басшылыққа бекітуге ұсынады; өнім берушінің баға ұсынысы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дайындайды және бюджеттік өтінімге қатысты уақытылы береді және алады; инспекцияның құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру; осы міндеттерді атқаратын маман еңбек демалысына кеткен кезде немесе аурып қалса оның міндеттерін бөлімнің басқа маманы атқарады. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.

В функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.10.2024 – 01.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945