Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Кадр, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқарманың басшысы, C-3 (1 бірлік), КҰҚЖБ-1

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

Қосымша талаптар

 

 

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысына тікелей басшылықты, басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдау, басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді, өз қызметтерін іске асыру барысында басқармаға қойылған мәселелердің орындалуына жеке жауаптылықта болады, Комитет төрағасына құрылымдық бөлімшенің штат кестесі және құрылымы бойынша ұсыныстар енгізу, сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi, сот істерді қарауға қатысу, сондай-ақ өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша мердігерлер шарттық міндеттемелерін орындамау кезінде сотта істі қарауына қатысуды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес комиссияларға қатысу, басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды, персоналды басқару тиімділігін бағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің және біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Комитет қызметкерлеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына тағайындау және лауазымнан босату туралы, Еңбек және өзге де демалыстар жөніндегі бұйрықтарды дайындау; Комитет қызметінде заңдылықтың сақталуын уақтылы орындауКомитет қызметіндегі заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, Комитеттің норма шығару қызметін талдау және талдау нәтижесі бойынша Төрағаға анықталған кемшіліктерді жою және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуді қамтамасыз ету, құқықтың мәселелер бойынша Комитеттің атынан тақылауларды заңнамалық актілермен көзделген жағдайда әзірлеу, аумақтық органдарға, ведомстволық бағынысты мекемелерге және Комитет қызметкерлеріне әр түрлі сипаттағы құқықтық біқұжаттарды әзірлеу мен рәсімдеу бойынша құқықтық көмек көрсету, Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Комитеттің әрекеттегі немесе күші жойылған бұйрықтарын және Комитет қызметін реттейтін басқа да нормативті актілерін өзгерту туралы ұсыныстарды әзірлеу, Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне талап қою қызметін жүзеге асыруға әдістемелік көмек көрсету, атқарушылық және еңбек тәртібін бекіту бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу, Комитетің қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы Комитет қызметкерлерін ақпараттандыруды қамтамасыз ету, балық шаруашылығы мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу процедураларына қатысу, Комитетке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау, Комитеттің бұйрық жобаларына, нұсқалықтарына, ережелеріне және басқа да құқықтық сипаттағы актілерге құқықтық сараптама ұйымдастыруды қамтамасыз ету, уәкілетті органдарға сұратылған құжаттарды беру және басқарма құжаттарын қайтару кезінде тексеру журналына жазбаны енгізуді қамтамасыз ету, Комитетте, аумақтық органдарымен, ведомстволық бағынысты мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жүргізуді қамтамасыз ету, құқықтық мәселелер бойынша, орталық мемлекеттік органдарымен, Комитеттің аумақтық органдарымен, ведомстволық бағынысты мекемелерімен және басқа да ұйымдармен хат алмасу, сұратуларға жауап дайындауды жүзеге асыру, тиісті соттық талқылауға әкелетін негізгі себептер мен шарттарды анықтау мақсатында Комитеттің қатысуымен даулар бойынша соттық тәжірибені, талап жұмыстарының жағдайын талдау және айыпты лауазымдық тұлғаларды жауапкершілікке тарту және жою бойынша ұсыныстарды енгізу, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мемлекеттік қызметкерлердің этика нормаларын, еңбек және орындаушылық тәртіптерді сақтау, , қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, Комитеттің, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының электрондық құжат айналымы жүйесінің («Е-қызмет», elicense.kz, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ), азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (e-Otinish) және басқа да жүйелер) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, , ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттардың талаптарын орындау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Комитет басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау.(Блок Б, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2024 – 06.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

10.09.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-03-29