ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Тамақ өнімдері қауіпсіздігі басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік), № УБПП – 6

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

3.1. Жануарларды өсіру, дайындауды (союды), сақтауды, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндіруді, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын объектілерде жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау және ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері туралы есепті жинау, талдау және жүргізу.

3.2. Жеке және заңды тұлғаларды және жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы анықталған заң бұзушылықтарды тексеру туралы есепті жинау, талдау және жүргізу.

3.3. Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен жүзеге асырылатын әкімшілік өндірістердің мониторингі.

3.4. Берілген ветеринариялық анықтамалар бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары көрсеткен мемлекеттік қызметтердің саны бойынша ақпаратты ай сайын жинау және талдау.

3.5. Өз құзыреті шегінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

3.6. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

3.7. Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өтініш берушілерге жауаптар жібереді.

3.8. Басқарманың құзыретіне кіретін Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады.

3.9. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар енгізеді.

3.10. Басқарманың жұмыс жоспарын жасайды.

3.11. Басқарманың құзыреті шегінде кеңестерге, отырыстарға және алқаларға презентациялық материалдарды дайындауға қатысады.

3.12. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға міндетті.

3.13. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3.14. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.08.2024 – 29.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

04.09.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945