Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы (уақытша, қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 13.09.2025 жылға дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-2.2-4
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
Ақмола облысы
263129
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Блок А-4
Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізетін субъектілерге карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; карантин ісі мәселелері бойынша арыз – шағымдарды қарастыру; жұмыс жоспарын құрастыру; ақпараттарды жинау, жеке құжаттаманы жүргізу; дау мәселелері туа қалған жағдайда сарапшы болу. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантиндік өнімдерге бастапқы карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Карантиндік өнімнің белгіленген пунктінде екінші мәрте карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Әкелінетін, шығарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс рәсімделуін қарайды. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау нысандарын қарау, бақылау, карантиндік фитосанитарлық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама және, қажет болған жағдайда, залалсыздандыру, жою, сонымен қатар олардың карантиндік немесе фиосанитарлық сертификатсыз тасымалдау немесе карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуды жүзеге асырады. Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, тұқым және карантиндік арамшөп өсімдіктердің жемістерін өміршеңдігінен айыруды, және (немесе) залалсыздандыру мен ағаш қаптау материалының таңбалануын қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты қайта өндеуді және оны қайта өндейтін өнімдерді жүзеге асыратын нысандарға есептік нөмір беру, ғылыми – зерттеу мақсаттарында карантиндік нысандарды (карантиндік зиянды ағзаларды) әкелуге келісу. Әкімшілік құқықбұзушылықтар және әкімшілік жазалар қолдану туралы істерді қарау. Өсімдіктер карантині жөніндегі ҚР заңнамасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі іс – шаралардың орындалуы бойынша нұсқамаларды береді және олардың орындалуына бақылау жасайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау Бөлім басшысымен белгіленген басқа міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
simonenko.anna@minagri.gov.kz
- 06.09.2024
- Көкшетау қаласы, Ақан-сері көшесі, 111 А
-
87172555885