Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, индексі ОМЗАИУ-6
Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Маңғыстау облысы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Департамент атынан тиісті әкімшілік аумақтық басқару аймағында тексерулер өткізу. Маңғыстау облысы аумағында жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу. Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүргізу. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелері бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беру. Өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар дайындау, табыстау. Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша сотқа талап қоюды дайындауға және беруге; Азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы, сапалы жауап беру; Департамент қызметі бойынша құқықтық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді дайындауды, рәсімдеуді, тиісті тіркеуді қамтамасыз ету; Департаменттің құқықтық жұмыстарын жүргізу: әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар шығару; әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылар дайындау; әкімшілік істерді тіркеу және нөмірлеу, құқықтық статистика органдарының мәліметтер қорына енгізу; Департаменттегі мемлекеттік инспекторлармен жасақталған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалардың дұрыстығы мен заңдылығын қарау. Тексеру туралы актілер жасақтау және оларды құқықтық статистика органдарына тіркеу. Тексерулер мен бақылау нәтижелерін жинақтау және талдау. Жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте. Өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға. Өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге. Қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігіндегі мемлекет мүдделерін қорғау үшін сот органдарына шағымдану, сонымен қатар лауазымдық нұсқаулықта белгіленген өзге де міндеттерді орындау. Геодезиялық құралдар арқылы жер участкелерің өлшеу жұмыстарын жүргізу және жер участкелерінің кеңістіктік орналасуын, объектілердің үйлесімі мен өзара байланысын модельдеу. Функционалдық блогы - А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kumazhanova.a@minagri.gov.kz
- 03.09.2024
- Ақтау қ., 23 шағын ауданы, 41 ғимарат, 1 қабат, 116 кабинет
-
8-717-2-74-97-26