Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің Кадр, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқарманің бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УКОИПР-6

Мемлекеттік орган

Балық шаруашылығы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Комитеттің нормалар шығармашылығы қызметіне талдау жасайды және талдау нәтижелері бойынша Комитет, басшылығына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын ұйымдастыру, әкімшілік сот ісіне қатысу, аумақтық бөлімшелерге, ведомстволық бағынысты мекемелерге және Комитет қызметкерлеріне әр түрлі сипаттағы құқықтық құжаттарды әзірлеу мен рәсімдеу бойынша құқықтық көмек көрсету, Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Комитет, аумақтық бөлімшелердің ережелерін, бағынысты ұйымдардың жарғыларын (өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді қоса отырып) әзірлеу, Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Комитеттің әрекеттегі немесе күші жойылған бұйрықтарын және Комитет қызметін реттейтін басқа да нормативтік актілерін өзгерту туралы ұсыныстарды әзірлеу, Комитетке тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімін жүзеге асыру барысында құқықтық көмек көрсету, Қазақстан Республикасы заңнамаларын насихаттау бойынша жыл сайын іс шаралар дайындау және өткізу, Комитетте және басқармада құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру, Комитеттің және оған ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелерінің қызметтік тексерулеріне қатысу, Комитетке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау, Комитет әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады, Комитеттің бұйрықтарына, бұйрық жобаларына, нұсқалықтарына, ережелеріне және басқа да құқықтық сипаттағы актілерге құқықтық сараптаманы ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен Комитетте Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiру, құқықтық мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органдарымен, Комитеттің аумақтық органдарымен және бағынысты кәсіпорындармен хат алмасуды жүргізу, сұрауларына жауап беруді әзірлеуді іске асыру, ведомствалық мұрағатына құжаттарды тапсыруға бақылауды жүргізу және сенілген мемлекеттік мүлікті мұқият пайдалануды, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге; өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру, басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бұйрықтарды, өкімдерді, тапсырмаларды, жоспарларды және басшылықтың бір реттілік тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау, Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жүргізу және Комитеттің аумақтық органдарымен, ведомстволық бағынысты мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жүргізу жүргізілуін ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мемлекеттік қызметкерлердің этика нормаларын, еңбек және орындаушылық тәртіптерді сақтау, комитет және Басқарма басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау. (Блок Б, грейд 5).

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.08.2024 – 22.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30МВ

Сұхбаттасу күні

26.08.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді).

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-10-15