Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты,1 бірлік, № 18-9.1-2
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Батыс Қазақстан облысы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Білім: биология
- Фитосанитарлық қауіпсіздік
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктерді қорғау құралдарымен қолдану ережелерін сақтауды бақылау; пестицидтердің айналымы саласындағы техникалық регламенттердің сақталуы; шаруашылық жүргізуші субъектілерге фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; шаруашылық жүргізуші субъектілеріне фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша шағымдарды, өтініштерді қарау; статистикалық есептерді, жұмыс жоспарын жүргізу; жеке құжаттаманы жүргізу. Пестицидтерді (улыхимикаттарды) тіркеуге, өндірістік сынақтарын өткізуге қатысады. Жинақталған фитосанитарлық жағдайлар есебімен қорғау шараларының көлемін анықтау және өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану. Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарға сәйкес зиянкестермен, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен, арам шөптермен күрес шараларын уақытылы өткізуді ұйымдастыру. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арам шөптермен күрес бойынша шаралардың сапалы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамаларды бұзған заңды және жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту. Заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
sailauova.a@minagri.gov.kz
- 22.08.2024
- Орал қаласы, Қ. Аманжолов көшесі, 75
-
87172 555-885