Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, C-O-4 санаты

Мемлекеттік орган

Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

С-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

273761

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Кадастр
  • Қаржы
  • Қаржы және кредит
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысын ұйымдастыру және бақылау; Департаменттің шарттық міндеттемелері мәселелері бойынша сот органдарында департаменттің мүдделерін білдіру; Департамент қызметін ақпараттық сүйемелдеу және цифрландыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; Департаменттің қызметтік автокөлігін пайдалану үшін жол парақтарын дайындау және уақтылы ұсыну; Департамент балансындағы жылжымайтын мүліктің техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру; Департамент лауазымды адамдарының материалдық жауапкершілігі туралы шарттардың жобаларын дайындау; Жаңадан сатып алынған тауарлықматериалдық құндылықтарды қабылдау; Берілген тауарлық-материалдық құндылықтардың тізілімін жүргізу; Департаменттің негізгі құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарын жыл сайын түгендеуге қатысу; Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдерді дайындау және жоғары тұрған органға жіберу; Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша пайда болған берешектер бойынша салыстырып тексеру актілерін дайындау және жоғары тұрған органға жіберу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Департамент қызметкерлерінің штаты бойынша ақпарат беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Департаменттің жалпы жұмысына қатысты жоғары тұрған басшылықтың өкімдері мен тапсырмаларын орындау. Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау. Құжаттандыру мен іс жүргізуді ұйымдастыру. Департаменттің ресми сайтында және басқа интернет-ресурстарында департамент жұмыстарына байланысты ақпараттардың орналастырылуын ұйымдастыру. Департаментте «ҚБПҮ» белгісі бар таратылуы шектеулі құжаттармен, істермен, басылымдармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру (тіркеу, орындаушыға тапсыру, есебін жүргізу, мерзімі аяқталғандарды сейфтерге сақтау немесе жою). Департаментке бөлінген материалдық – техникалық ресурстарды тиімді пайдалану. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады. Департаменттің бюджеттік өтінімін ұсыну және бюджеттік жоспар құру. Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға. Жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттiк органдардың қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуға құжаттар әзірлеу. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi. Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондайақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады. Мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iсшараларды әзiрлейдi. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың айыппұл және жер заңнамасы бұзушылықтардан келтірілген зиян сомаларын мәжбүрлі түрде өндіріп алу туралы іс құжаттарын сот органдарына жолдау үшін дайындауға. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап-арыз жолдау үшін құжаттарын дайындауға. Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берілген нұсқама талаптарын көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды мәжбүрлі түрде орындату туралы сотқа талап-арыз жолдау үшін құжаттарын дайындауға. Орындауға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін, шағымдарын және қызметтік хаттарды қарауға. Кінәлілерді жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиісті органдарға жіберуге. "259- бюджеттік бағдарламасының" «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін қалыптастыру» кіші бағдарламасының топырақ зерттеу бөлігінің қаржылай шығынына және өндірістік жұмысының орындалуына талдау жүргізу. Функционалдық блогы - А.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.07.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.07.2024 – 31.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20Mb

Сұхбаттасу күні

06.08.2024

Сұхбаттасу орны

Ақтау қ., 23 шағын ауданы, 41 ғимарат, 1 қабат, 116 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8-717-2-74-97-26