ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік), № ОАИФО – 2
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Ұлытау облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
В функционалдық блогы.
Бас маман өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапты болады.
3.1. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
3.2. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдауға;
3.3. Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;
3.4. Қызметтік әдепті сақтауға;
3.5. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдері, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған болса, оларды орындауға;
3.6. Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылығының және құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;
3.7. Бөлім басшысы жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
3.8. Жоғары ұйымдардан түскен дереу тапсырмаларды орындайды;
3.9. Еңбек жөніндегі мемлекеттік статистикалық есептерді толтыру;
3.10. Табельді бекітуге дайындау. Инспекция қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбекақыларын есептеу.Есептелінген еңбек ақыларды ведомостарын шығарып, басшылықпен бекітіліп, Қазынашылық клиент бағдарламасында өзіне бекітілген ЭЦҚ қолдана отырып төлем шоттары арқылы төлеуге басшылыққа ұсынады. Іс-сапарға жіберілген қызметкерлердің бұйрығы болған жағдайда және іс-сапар шығындарын төлену Ережесін басшылыққа алып, құжаттарын тексеріп, бекітілген уақытта төлемге жібереді;
3.11. Есепті ай соңында кредиторлық, дебиторлық қарыздар туралы мәліметтер дайындайды;
3.12.1С бағдарламада есептің жүруін қамтамасыз етеді;
3.13. Бюджеттік өтінімді бекітуге дайындайды;
3.14. Банктік бағдарламадан шығарылған 5-15, 5-15а нысандарын өткізілген құжаттармен сәйкестендірілуін қадағалау, соңғы төлемшотта хабарламаның тігілуін және 4-20 жинағымен ай сайын есеп жүргізу, апталық есептің белгіленген мерзімде кешіктірілмей жіберілуін қамтамасыз етеді.Қайтып келген құжатпен жұмыс жүргізу, хат дайындауды орындайды;
3.15. Материалдық қорлардың есепке алынуын, есептен шығарылуын және берілген материалдық құндылықтар мен кеңсе заттарының есебін жүргізу және кредиторлық дебиторлық қарыздарды есепке алу және ай сайын есеп беру;
3.16. Негізгі мүліктердің есепке алынуын, есептен шығарылуын және берілген негізгі мүліктердің есепте көрсетілуін қадағалайды және ай сайын мемориалдық ордерлермен шығындарын немесе кіріс бойынша бақылап, ай сайын және тоқсан сайын негізгі мүліктің қалдығын тізіммен шығарып, тігіп бақылауда ұстайды;
3.17. Жеткізушілермен есеп айырысу № 6 мемориалдық ордерін, яғни жеткізушілерден келген шоттар мен қабылдап алу актілерін 1С бағдарламасында жүргізіп және оларды төлемшотпен жүргізілуін қамтамасыз етеді;
3.18. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылауды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
maratov.e@minagri.gov.kz
- 18.06.2024
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945