Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік) 19-5-03
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Белгіленген мерзімде Басқарма басшысының және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындайды. Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде МЖК ААЖ АЖ-ны басқа ақпараттық жүйелермен интеграциялау бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына материалдар дайындау. Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Ережені бекіту және оған өзгерістер енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкіметі үшін, Комитет пен Министрліктің басшылығы үшін ақпараттық талдамалық материалдар дайындау. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.
Функционалды блогы-Б
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
yegemberdiyeva.i@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, проспект Мәңгілік Ел-8, 3 подъезд
-
8 (7172)74-97-26