Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаменті АӨК-ні цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), Блок А

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік бағдарламаларда көзделген АӨК-ні цифрландыру саласындағы іс-шараларда қатысу және іске асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындау; АӨК-ні цифрландырудың негізгі бағыттары мен басымдықтарды жетілдіруді жүзеге асыру туралы өз құзыреті шегінде шешім қабылдау; АӨК-ні цифрландыру саласындағы жобаларды жүктеу, үйлестіру және мониторинг жүргізу; тиімді, АӨК-ні цифрландыру аясында экологиялық,техникалық және құқықтық шешімдерді шығару; бизнес-процесстердің реинжинирингін жүзеге асыру және осы жұмыстың қорытындылары бойынша ұсыныстар енгізу; агроөнеркәсіптік кешеннің салалық бағыттары бойынша ұлттық жобаларды іске асыру; жер ресурстары,  агроөнеркәсіптік кешенінің нормативтік құқықтық актілері, бағдарламалы құжаттары жобаларын, агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды, Басқарманың нормативтік және әдістемелік құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Депутаттар сауалдарын, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Департамент пен Министрлік басшылығының тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырып, жауаптар дайындау; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.05.2024 – 20.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, үй 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-555-918