Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Заң қызметі департаменті заңнама басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 24 мамырға дейін), Блок А

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Мынадай қызметтердің жүзеге асырылуын ұйымдастырады:

1) Министрлікпен әзірленген заң жобаларының тұжырымдамалары, кодектер, заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары және Премьер-Министрдің өкімдері жобаларына (бұдан әрі - жобалар) құқықтық сараптама жүргізу және келісу;

2) басқа мемлекеттік органдармен әзірленген жобаларды қарастыру;

3) Премьер-Министр Кеңсесінде Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына енгізілген депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын қарастыру;

4) Министрліктің миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету;

5) Парламентте заң жобаларының өтуі кезіндегі жұмыс топтарына қатысу;

6) Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына материалдар дайындау және қатысу;

7)  Премьер-Министрі Кеңсесінде және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде (бұдан әрі – ӘМ) әзірлеушісі Министрлік болып табылатын жобаларды жұмыс тәртібінде пысықтау;

8) Министрліктің норма шығармашылық қызметін және заң сараптамасының нәтижелері бойынша ӘМ ескертулерін талдау;

9) халықаралық келісімшарт жобаларын қарастыру;

10) Министрлікте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүргізу;

11) агроөнеркәсіп кешен саласындағы нормативтік құқықтық актілерге (заңнамалық актілер, Президент жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары) мониторинг жүргізуді үйлестіру;

12) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарда (сондай-ақ сот және құқыққорқау) және басқа да ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіру;

13) комиссия және жұмыс топтарына қатысу;

14) Министрліктің негізгі қызметіне қатысты сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

15) жұмыс берушінің актілеріне сараптама жүргізу;

16) Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау;

17) жедел және дұрыс іс-жүргізуді қамтамасыз ету;

18) орындаушылық және еңбек тәртібін бақылау;

19) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде ұйымдастыру техникасымен, әдебиеттермен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуді;

20) Басқарма бекітіліп берілген мүліктің тиімді пайдаланылуын бақылау ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.05.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.05.2024 – 14.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, үй 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-555-918