Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 12.08.2025 ж. дейін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкердің мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқығы бар), ( С-О-5 санаты) ОПОИОР-2, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

226837

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

- Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіру;

- Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына ұсыныстар дайындауға қатысу;

- Құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Департамент басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер бойынша Департаменттің құжаттарын дайындау;

- Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

- Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Департамент құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Департамент атынан түсініктеме дайындау;

- Департаментке келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырау;

- Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз ету;

- Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Департаменттің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдау және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

- Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;

- Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізуді жүргізеді, сондай-ақ Департаменттің лауазымды тұлғаларының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауын бақылауды жүзеге асыру;

- Жер заңнамасының нормаларын түсіндіру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау;

- Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар келісіледі;

- Жер Кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;

-Департаменттегі құжат айналымы,  архив, цифрландыру жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру;

-- Департаменттің қаржылық, шаруашылық қызметінің жобаларын жасау үшін бастапқы деректерді дайындау;

- Материалдық және қаржылық шығындар бойынша есептеулерді орындау;

- Реттелмеген есептеулермен және есеп айырысу операцияларының дұрыстығын бақылаумен байланысты жұмыстарды орындау;

- Белгіленген мерзімде кезеңді есептілікті дайындау;

- Бюджет классификациясына сәйкес бюджет бойынша болжамдар жасау;

- Департаменттің материалдық базасының жай-күйін талдау;

- Департаменттің негізгі құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарын жыл сайын түгендеуге қатысу;

- Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдерді дайындау және жоғары тұрған органға жіберу;

- Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша пайда болған берешектер бойынша салыстырып тексеру актілерін дайындау және жоғары тұрған органға жіберу;

- Белгіленген мерзімде барлық қажетті есептеулері бар бюджеттік өтінімдер жобаларын жасау;

-Негізгі құралдарды есептен шығаруды ұйымдастыру;

-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне аванстық есептерді, еңбекке жарамсыздық парақтарын, жұмыс уақытының ведомостарын жинау және ұсыну;

-Кеңсе тауарлары мен тұрмыстық керек-жарақтарға сұраныстарды дайындау және беру;

-Негізгі тұрмыстық және кеңсе тауарларын қабылдап алу;

-Департаменттің шаруашылық және өзге де ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;

- Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді орындау. (функционалдық  блок «Б»)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.05.2024 – 17.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 Мб

Сұхбаттасу күні

23.05.2024

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы. 101 атқыштар бригадасы көшесі, 2 б

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 749726