ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық бақылау және ветеринариялық препараттар айналымы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), № УВКИОВП-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

А функционалдық блогы.

3.1. Басқарманың бас сарапшысы өзіне тапсырылған лауазымдық міндеттерін сапалы, дер кезінде және тиісті орындауға жеке басымен жауап береді.

3.2. Басқарманың шығыс құжаттарына бұрыштама қояды.

3.3. Уақтылы ұйымдастырып және сапалы орындайды:

- құжаттардың дер кезінде және сапалы, оның ішінде Басқараманың құзыретіне кіретін бақылаудағы хаттар, сонымен бірге Басқарма басшысының, Комитет төрағасы орынбасары мен Комитет төрағасының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

- басқарманың құзыры шеңберінде мемлекеттік қызметтің тиісті регламенті мен стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;

- ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;

- өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген нысандар бойынша және тәртіппен ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу; тоқсан сайынғы ақпаратты жасау;

- Басқарма құзыретіне қатысты ЕАЭО нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және келісуге қатысу;

- Басқарманың құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша;

- Комитеттің ұсынуы бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, басқа да ведомстволармен, ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кезінде;

- ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының айналысы мәселелері бойынша облыстық аумақтық инспекциялардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыстарын үйлестіру бойынша;

- мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздары мен өтініштерін қарау және жетекшілік ететін мәселелері бойынша жауаптар дайындау бойынша;

- мониторинг жүргізу және ветеринария саласындағы заңнамаға ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізу бойынша;

- Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;

- өз құзыреті шегінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру бойынша.

3.4. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды

3.5. Өз құзыцретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

3.6. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.04.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.04.2024 – 02.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

06.05.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945