ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), № УОРИДО-3
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық жүйелер
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Экономика және менеджмент
Функционалды міндеттер
В функционалдық блогы.
Басқарманың бас сарапшысы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:
3.1. Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша Комитеттің жоғары тұрған басшыларының директивалық құжаттарын, тапсырмаларын орындау
3.2. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмысын ұйымдастыру (ОДО, "Е-өтініш");
3.3. Электрондық ішкі құжат айналымының жұмысын ұйымдастыру;
3.4. Кіріс және шығыс қызметтік хат-хабарларды тіркеуді және жөнелтуді қамтамасыз ету; кіріс және шығыс қызметтік хат-хабарларды адресаттарға уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету;
3.5. Шығыс хат-хабарларды пошта байланысы арқылы жіберу бойынша "Қазпошта" АҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды;
3.6. Құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады; Комитет бланкілерінің қатаң есебін жүргізу;
3.7. Істер мен құжаттарды ведомстволық мұрағатқа өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;
3.8. Ұлттық республикалық мұрағатпен, ҚСжАЕАК-мен өзара әрекеттеседі;
3.9. ОАИ-ға, ведомстволық бағынысты ұйымдарға іс жүргізу және мұрағат ісі бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
3.10. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың келіп түскен өтініштерін қарайды;
3.11. Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және хат алмасуды жүзеге асырады;
3.12. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаментімен өзара іс-қимыл жасайды;
3.13. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды;
3.14. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма басшысының басқа да тапсырмаларын, Комитет пен Басқарма басшылығының тапсырмаларын орындайды;
3.15. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.04.2024
- Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8(7172)555945