Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы С-О-4 санаты, №7.3-1 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Жамбыл облысы
279237
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау; Департаменттің шарттық міндеттемелері мәселелері бойынша сот органдарында департаменттің мүдделерін білдіру; Сыбайлас жемқорлық көріністріне қарсы тұру және аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеу, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу; Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну; Мемлекеттік органда ҚР заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсініктеме дайындау; Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету; Орындауға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін, шағымдарын және қызметтік хаттарды мерзімінде орындау; Жер заңнамалары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелеріндегі заңнамаларды жетілдіру жөнінде, Департамент басшылығының қарауына бөлім құзыретіне қатысты мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу; ҚР жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берілген нұсқама талаптарын көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды мәжбүрлі түрде орындату туралы сотқа құжаттарды дайындау; Жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимінің сақталуын, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын, жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуді оның ішінде жер қойнауын пайдаланушыларға тау кеңдік аймағынан шығып кеткендерді қоса алғанда, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын, азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын; Жердің бүлінуіне байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алумен бүлінген жерлерді қалпына келтіруге, сақтауға және пайдалануға оның ішінде жер пайдаланушыларын қоса; Департамент құзыреті шегінде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) уақтылы өткізуге бақылауды жүзеге асырады. Жерді жақсарту, топырақ эрозиясының, тұзданудың, батпақтанудың, су басудың, шөлейттенудің, құрғақтанудың, тығыздалудың, қоқыстанудың, ластанудың және жердің тозуын туғызатын басқа да процестердің салдарын болғызбау және жою жөніндегі ісшараларды уақтылы және сапалы орындау; №1-ТӨ нысанындағы есепті қалыптастыру үшін «Е - Өтініш» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында мәліметтерді уақытылы әрі сапалы енгізу, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының аумақтық бөлімшесімен салыстыру актілерін жасау және заңдылығын тексеру; Департаменттегі кадрлық жұмыстарға қатысты тиісті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметшілер туралы есептердің уақытылы тапсырылуын қадағалау; Департаменттің ресми сайтында және басқа интернет-ресурстарында Департамент жұмыстарына байланысты ақпараттарды орналастырылуын қамтамасыз ету; Кадрлар бойынша белгіленген басқа да құжаттамаларды ресімдеу, қызметкерлердің еңбек іс-әрекеттеріне байланысты жеке іс-қағаздарын қалыптастырып және жүргізіп, оларға өзгертулер енгізілуін ұйымдастыру; Қызметкерлермен ішкі еңбек Ережелері тәртібінің сақталуын және еңбек тәртіптерінің жай-күйін бақылау; Департаментпен шығарылған бұйрықтардың және басқа да құжаттардың заңдылығын тексеру; ҚР заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Б блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
yegemberdiyeva.i@minagri.gov.kz
- Тараз қаласы, 2-ші Қазыбек би бұрылысы, №26
-
8-717-2-74-97-26
Құжаттарды жіберген соң, міндетті түрде жоғарыда көрсетілген телефонға хабарласуыңызды сұраймыз.