Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 18-8-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

263131

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.

Функционалды міндеттер

(Блок В-5) Комитеттің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау; Комитет дайындайтын құқықтық және нормативтік құқықтық актілер жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі мәніне құқықтық сараптама жүргізу; барлық сот сатыларында Комитеттің наразылық-талап қою жұмысын жүргізу; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізу; тиісті құрылымдық бөлімшелерді жазбаша хабардар еткен жағдайда шарттық міндеттемелерді орындамайтын өнім берушілерге қатысты шаралар қабылдау; заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; Комитет жасасатын шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде ықпал ету шараларын қолдануға қатысу; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша директивалық құжаттарды, басшылықтың, басқарма басшысының тапсырмаларын орындау; Комитетте тұрақты негізде нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді және құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде реттелетін саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді үйлестіру; Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарына заң көмегін көрсету, Комитеттің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультация беру; басқарма басшысына басқарма жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу; мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарауға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.04.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.04.2024 – 05.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МВ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172-555-885; 8708-104-92-72;