ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының Кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгер

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Құрылтайшы құжаттарын әзірлейді және оларға өзгерістер енгізеді. Ұйым қызметкерлерін ұйым қызметін атқару үшін нормативтік құқықтық актілер бойынша бағдарламаны жүргізу үшін қажетті заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырады. Ұйым басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқамалар, ережелер және құқықтық сипаттағы басқа да  құжаттардың жобаларын заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Келісім шарттық қатынастардың нысанын анықтайды, келісім шарттардың жобасын әзірлейді, келісім шарт жобаларын заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді. Келіп түскен ұсыныстарға жауаптар дайындайды. Талап арыздарды дайындап және материалдарды жинап оларды сотқа жолдайды. Сотта ұйымның мүдделерін ұсынады. Ұйымның мүлкін сақталуын қамтитын сұрақтарға қатысты құжаттарды әзірленуіне қатысады, жұмыскерлердің материалдық жауапкершілігі туралы келісімдерін тексеріп оларға визасын қояды. Жұмыскерлерді аудару, жұмыстан босату, оларды тәртіптік жауапкершілікке тартуының заңдылығын тексереді. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарымен жүзеге асырылатын тексерістерде ұйымның мүдделерін ұсынады. Түрлі құқықтық сұрақтар бойынша ұйымның қызметкерлеріне кеңес береді, заңгерлік құжаттар құрастырылу кезінде құқықтық көмек көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар және іс-шараларды орындау жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жауапты. Есептілікті құрастырып оларды уәкілетті органдарға тапсырады. Бөлім басшысымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.08.2020 – 10.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

12.08.2020

Сұхбаттасу орны

Қостанай қаласы, Набережная көшесі, 43 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7142) 532-150 р.т, 8 747 87 22226 WhatsApp, Абуханов Ерик