Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (С–О–4 санаты, индекс № 06-1, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Бизнес, басқару және құқық саласы: бизнес және басқару бағытында: (Экономика) немесе (мемлекеттік және жергілікті басқару), Құқық бағытында:(Құқықтану), Ауылшаруашылық ғылымдары саласы: Өсімдік шаруашылығы бағытында (Агрономия) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Функционалды міндеттер

1.Бөлім жұмысына басшылық жасау, бөлімнің жұмысын үйлестіру, жұмысты тиімді және нәтижелі ұйымдастыра білу, қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру;

2.Аттестациялық, тәртіптік, конкурстық және басқа да комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;

3.Инспекциядағы құжат айналымына бақылауды ұйымдастыру;

4.Мемлекеттік қызметшілердің міндетті арнайы тексерістен өтуін бақылауды жүзеге асыру;

5.Кадрлар жағдайына мониторинг бойынша есептерді дайындау;

6.Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың орнына конкурстар өткізуді қамтамасыз ету;

7.Инспекция мамандарының еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру;

8.Осы санаттағы бекітілген лауазымдық нұсқаулығына сәйкес міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.07.2020 – 28.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 30Г

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7242) 21-25-62, 21-25-96, факс 8 (7242)  21-25-68