Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) Блок В

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243701

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Биотехнология

Қосымша талаптар

сонымен қатар: мұрағаттану; құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандықтар бойынша жоғары білімі бар азаматтар қатыса алады.

Функционалды міндеттер

Бірыңғай құжаттама процедурасын қамтамасыз етеді; тіркеудің дұрыстығын тексереді және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Есеп комитетіне, Бас прокуратураға шығыс хат-хабарларды жолдайды; бағдарламалық құжаттарды тіркеуді қамтамасыз етеді; «Электрондық құжаттарды сақтау» сервистік бағдарламалық өнімімен жұмыс жүргізеді; Министрлiкте iс қағаздарын жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтарды және басқа да нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды құжаттау мен басқару жөнiндегi құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асырады; Министрліктің істер номенклатурасын әзірлеуге және бекітуге қатысады; «ҚБПҰ» белгісі бар құжаттармен жұмыс жүргізеді; құжаттарды басқару бойынша есептерді дайындайды; құжат айналымын азайту үшін талдау және мониторинг жүргізеді; Министрлікте электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде мөртаңбалардың есебін, қолданылуын және сақталуын жүзеге асырады; басқарманың құзыретіне жататын басқа да тапсырмаларды орындайды; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.03.2024 – 05.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3, (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-918