Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ішкі аудит департаменті мониторинг және бағалау басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Мемлекеттік аудитор сертификатының және (немесе) ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының болуы талап етіледі.
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау, Басқарманың функциялары мен міндеттерін орындаумен байланысты құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыру; тәуекел дәрежесін қолдануды ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін әзірлеуге қатысу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары қызметінің тиімділігіне белгіленген мерзімде ішкі бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру; Министрлікте жылдық жоспардың орындалу мониторинг жүргізу; бюджет шығындарымен байланыстыра отырып Министрліктің Даму жоспар мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына талдау жүргізу; қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысу; Министрлікте, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты олардың барлық қызмет бағыттары бойынша тексеру жүргізуге қатысу; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, ұйымдардың ұсыныстарын және азаматтардың өтініштерін қарау (функционалдық міндеттер бөлігінде); Басқарманың штаттық кестесі, кадрларды іріктеу және орналастыру бойынша, Басқарманың қызметкерін ынталандыру бойынша, Басқарманың қызметкерін тәртіптік жаза қолдану шаралары бойынша, қолданыстағы заңнама нормаларын бұзуға жол берген бойынша ұсыныстар дайындап енгізеді; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ba.abdikarimova@msh.gov.kz; kadry.msh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3, (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 555-918