Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық қамтамасыз ету департаменті бюджеттің орындалуын мониторингтеу, қаржылық және бюджеттік есептілікті шоғырландыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 31 қазанға дейін) Сондай-ақ негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар екені туралы хабарлаймыз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Қаржыландыру және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау мәселелері бойынша жұмыстарды жасау; қаржыландыру мәселелеріне қатысты салалық департаменттер әзірлеген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес басқа мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік актілер жобаларын қарау; тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджетін атқару мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алқа отырысына материалдарды дайындауға қатысу; бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған өтінімді қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберу; мынадай есептілік түрлерін жинау, қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жолдау: Комитеттер, Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер ұсынатын дебиторлық берешектер бойынша бюджеттік есептілікті (тоқсандық, жылдық) жинақтау, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есептік деректері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы ай сайынғы есеп; республикалық бюджеттің орындалуы туралы ай сайынғы есеп, инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын орындау бойынша есептілік жасау; алдағы айға республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) күтілетін игерілімі туралы ақпарат; жарғылық капиталды ұлғайтуға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты пайдалану туралы ай сайынғы ақпарат; бюджеттік инвестициялық жобалардың (жыртыжылдық, жылдық) іске асырудың мониторингі және бағалау; тиісті қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп; жылдық жоспардың іске асырылу барыс туралы тоқсандық есеп; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі министрліктермен, «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамымен, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын өз құзыреті шегінде қарастыру; ведомстволық тиістілігі бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Мемлекеттік мекемелер анықтамалығының қалыптастырылуын және қажеттілігіне қарай жыл ішінде көрсетілген Анықтамалыққа өзгерістер енгізілуін бақылу; өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ba.abdikarimova@msh.gov.kz; kadry.msh@minagri.gov.kz
- Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8 үй, кіреберіс 3, (Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8(7172) 555-918