Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер 2022 жылғы 10 ақпанға дейін бала күтіміне байланысты демалысында болу кезеңіне)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Атырау облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Функционалды міндеттер
Белгіленген тәртіппен сотта, сол сияқты құқықтық мәселелері қаралатын басқа да органдарда инспекцияның мүдделерін қорғайды. Инспекцияның бөлімшілеріне заңдарды қолдану практикасын қорытады, ұсыныстар әзірлейді және оларды Комитет басшылығына қарауға енгізеді. Инспекция басшысына қол қоюға ұсынылған бұйрықтар, нұсқаулар, шарттар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін тексереді және құжаттарға қол қою тәсілімен белгі соғады, шағымдық-талаптық жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, шарттардың, келісімдердің дайындалу және орындалу практикасын, сондай-ақ, шағымдардың қаралу нәтижелерін талдайды және қорытындылайды, инспекция басшылығына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар береді, инспекция қызметкерлерінің еңбек тәртібін нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Инспекцияның аумақтық бөлімшілеріне қолданып жүрген заңдар туралы ақпараттық материалдар дайындайды, оларды оқып-үйренуді ұйымдастырады, аумақтық инспекциялар қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер жөнінде кеңестер, қорытындылар, мәліметтер береді. Инспекция бөлімшілерінің қызметкерлеріне қолданылып жүрген заңдарға, өзге де құқықтық-нормативтік актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырады, бұйрық жобасын әзірлейді. Заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.07.2020
- Атырау қ., Лесхоз мөлтек ауданы, 49 А үйі
-
8(7122) 28-29-37, факс: 8(7122) 28-29-40, 87017763352