Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, санаты С-R-1, 1 бірлік, № 18-13-04-1
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысы
319635
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Агрономия
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттердің бар болуы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу.
Функционалды міндеттер
(Блок А-7) Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру бойынша қалалық (аудандық) аумақтық инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады. Реттелетін салада мемлекеттің аграрлық және аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды іске асырады. Инспекцияны мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда таныстырады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады. Ай сайын орталықтандырылған бухгалтерияға коммуналдық, ҚТҚ шығару қызметтерін төлеу үшін шоттарды ұсынады, жұмыс уақытын есепке алу табелін ұсынады, қызметкерлердің науқастық парақты ашулары, жабулары туралы ақпаратты уақытылы ұсынады. Қызметкерлердің өтініштерді, қызметтік жазбахаттарды, және басқа да құжаттамаларды уақтылы және сапалы "Е-Қызмет" ЫАЖ енгізу бойынша жұмысты бақылауды қамтамасыз етеді. Заңнамаға қарама қайшы келмейтін ҚР АШМ АӨК МИК қалалық (аудандық) аумақтық инспекцияға жүктелген басқа да функцияларды орындайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шараларды сақтау. Инспекция қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдану; басқа да құзіреттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
orazkhankyzy.asel@minagri.gov.kz
- Ақтау қаласы, 23 ықшам ауданы, 16/1
-
87172-555-885