Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік, №02-02, №02-06
Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Ұлытау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу; жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимінің сақталуын, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын, жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуді, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын, азаматтардың өздеріне жер учаскелерін беру туралы өтініштерін (өтінішхаттарын) қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын; жердің бүлінуіне байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алумен бүлінген жерлерді қалпына келтіруге, сақтауға және пайдалануға; Департамент құзыреті шегінде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) уақтылы өткізуге бақылауды жүзеге асырады. Жерді жақсарту, топырақ эрозиясының, тұзданудың, батпақтанудың, су басудың, шөлейттенудің, құрғақтанудың, тығыздалудың, қоқыстанудың, ластанудың және жердің тозуын туғызатын басқа да процестердің салдарын болғызбау және жою жөніндегі іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау. Салынған айыппұлдар бойынша белгіленген нысандағы есептер мен мәліметтерді дайындау, жүргізілетін тексерулердің материалдарын дайындау, төленбеген айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот органдарына қажетті құжаттардың жіберілуін бақылау.
Функционалдық блок - А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары 15, 1 кабинет
-
Дуйсекова Куралай Панашевна 8 705 588 9799