Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмыс бөлімінің башысы, С-О-4 санаты, №04-01

Мемлекеттік орган

Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне байланысты тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету және бақылау. Департаменттің шарттық міндеттемелері мәселелері бойынша сот органдарында департаменттің мүдделерін білдіру, Департаменттің қызметтік автокөлігін пайдалану үшін жол парақтарын дайындау және уақтылы ұсыну, Департамент балансындағы жылжымайтын мүліктің техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру, жаңадан сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, берілген тауарлық-материалдық құндылықтардың тізілімін жүргізу, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдерді дайындау және жоғары тұрған органға жіберу, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша пайда болған берешектер бойынша салыстырып тексеру актілерін дайындау және жоғары тұрған органға жіберу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау. Қызметкерлерге кезекті еңбек демалыс кестесін құру, қызметкерлермен ішкі еңбек Ережелері тәртібінің сақталуын және еңбек тәртіптерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру, құжаттандыру мен іс жүргізуді ұйымдастыру. Бірыңғай электрондық құжаттардың айналымы жүйесі базасын жүргізуді бақылау, қадағалау және құжатайналымы есептерін уақытылы тапсыру жұмыстарына бақылау жасау. Департаменттің ресми сайтында және басқа интернет-ресурстарында департамент жұмыстарына байланысты ақпараттар орналастырылуын ұйымдастыру. Департаментте «ҚБПҮ» белгісі бар таратылуы шектеулі құжаттармен, істермен, басылымдармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру (тіркеу, орындаушыға тапсыру, есебін жүргізу, мерзімі аяқталғандарды сейфтерге сақтау немесе жою).

 

Функционалдық блок В

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.12.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.12.2023 – 14.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 мб

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары 15, 1 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

Дуйсекова Куралай Панашевна 8 705 588 9799