Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, (индекс: ОПОИОР-2), 1 бірлік
Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті
Жетісу облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері:
Департаменттің шарттық міндеттемелері мәселелері бойынша сот органдарында Департаменттің мүдделерін білдіру; Департамент қызметін ақпараттық сүйемелдеу және цифрландыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; Департаменттің қызметтік автокөлігін пайдалану үшін жол парақтарын дайындау және уақтылы ұсыну; Департамент балансындағы жылжымайтын мүліктің техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру; Департаменттің лауазымды адамдарының материалдық жауапкершілігі туралы шарттардың жобаларын дайындау; Жаңадан сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау; Берілген тауарлық материалдық құндылықтардың тізілімін жүргізу; Департаменттің негізгі құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарын жыл сайын түгендеуге қатысу; Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін өтінімдерді дайындау және жоғары тұрған органға жіберу; Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша пайда болған берешектер бойынша салыстырып тексеру актілерін дайындау және жоғары тұрған органға жіберу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Департамент қызметкерлерінің штаты бойынша ақпарат беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Департаменттің жалпы жұмысына қатысты жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау; Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады. Word, Excel, E-mail, Internet, «Электрондық Үкімет» бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу.
«Б» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 26
-
телефон: 8 (7282) 32-93-45